Петропавлда ағаш өңдеу цехіндегі өрт сөндірілді
March 19, 2025 09:00

Петропавл өрт сөндірушілері С. Гуденко көшесінде орналасқан ағаш өңдеу цехіндегі өртті тез арады сөндірді, деп хабарлайды QZ News.
«Өрт тез оқшауланып, зардап шеккендер жоқ. Ағаш өңдеу цехы – өрт қауіпсіздігі талаптары ерекше сақталуы тиіс орын. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңызды екенін еске саламыз», – деп мәлімдеді СҚО ТЖД.
