Петропавлда бала сүйікті мысығын биік ағаштан түсіру үшін құтқарушыларды шақырды
October 9, 2025 11:21

Күні кеше «112» байланыс арнасына ерекше қоңырау түсті – көмек сұрап бала хабарласқан. Ол ағаш басына шығып кеткен үй жануары үшін қатты уайымдаған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. СҚО ТЖД мәліметінше, үй жануарын құтқару кезінде құтқарушылар саты мен альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланған. Қажетті биіктікке көтеріліп, олар мысықты ағаштан түсіріп, оны иесіне қайтарды.
«Мысық биік ағашқа шығып, өздігінен түсе алмады. Ол қатты мияулап, жүргіншілердің назарын аударған. Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекетінің арқасында жануар зардап шеккен жоқ және көп ұзамай иесіне қайтарылды», – деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
