2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда еріктілер эко-пикник өткізді

Петропавлда еріктілер эко-пикник өткізді

August 11, 2025 18:21

Жастар күні мен Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Петропавл еріктілері эко-пикник ұйымдастырды. Әрбір қатысушы Қазақстанның таза әрі жасыл болашағына өзінше үлес қосты, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Жастардың табиғатқа ұқыпты көзқарасын қалыптастыру заманауи әрі креативті тәсілдермен жүргізілді. Кездесуді Қоғамдық даму және ақпарат орталығының Жастар бастамалары бөлімінің мамандары, «Birgemiz» волонтёрлік фронт-офисі және «Штаб JE SKO» ҚБ ұйымдастырды.

Бейресми жағдайда белсенділер эко-ойындарға, викториналарға, квесттерге және экологиялық акцияларға қатысты. Ойнау, ойлану, жарысу – жастардың алдына қойылған міндеттер болды. Олар үшін волонтерлік тек қана қоқыс жинау немесе қайта өңдеумен шектелмейді, мұндай іс-шараларда жаңа білім алуға да мүмкіндік береді.

Қоғамдық даму және ақпарат орталығының Жастар бастамалары бөлімінің меңгерушісі, «Birgemiz» волонтёрлік фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкованың айтуынша, пикник екі жерде өтті. Мұнда еріктілер экологиялық сауаттылықты арттыратын интерактивтер өткізді.

Алғашқы локацияда жастарға экосөмке безендіру бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Қатысушылар шығармашылық арқылы тақырыпты түсіну деңгейін көрсетті – әрқайсысы өз қолымен ерекше аксессуар жасады. Екінші локацияда эстафета өтіп, командалар ептілігін және бірлігін көрсетті. Белсенділер тек шығармашылық қырынан ғана емес, спорттық қабілеттерімен де танылды.

Іс-шараның жалғасы – табиғат аясында дем алу болды. Бұл жастарға еркін сөйлесуге және жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Еріктілердің айтуынша, мұндай бейресми кездесулер тек қана уақытты қызықты өткізу емес, сонымен бірге экологиялық пайдалы әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Shares