Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Көшпенділер» үш күндік лагері басталды

Петропавлда «Көшпенділер» үш күндік лагері басталды

August 19, 2025 17:56

Петропавлда С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада жастарға арналған «Көшпенділер» лагері ашылды. Үш күн бойы қаладағы қоғам белсенділері өңірдің жас буыны үшін шеберлік сағаттарын өткізеді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шара жыл сайын өткізіледі, биылғысы Петропавлда өтті. Лагерь өз есігін дарынды студенттерге, волонтерлерге және жастар ұйымдарының көшбасшыларына айқара ашты.

«Салауатты өмір салтын қолдайтын жастар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лидия Грабарь:
«Жастар екі бағытта жұмыс істейді – азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жобалау. Осы сессияларда қатысушыларға үш күн ішінде жоба әзірлеу тапсырмасы беріледі. Үздік жұмыстардың авторлары қаржылай ынталандырылады, ал қалғандары қатысқаны үшін сертификат алады», – деді.

 Бұдан бөлек, лагерь қатысушыларына арнайы шақырылған спикерлер әлеуметтік желілерді жүргізу, мобилография және қоғамдық қызмет бойынша тәжірибелерімен бөліседі.

Shares