Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда мемлекеттік қызметшілер ҚР Конституциясы күні қарсаңында ант берді

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер ҚР Конституциясы күні қарсаңында ант берді

August 29, 2025 16:45

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Петропавлда мемлекеттік қызметшілердің ант беруіне арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

Мемлекеттік қызмет – Отанға, халыққа және Қазақстан Республикасы Конституциясына адалдықты талап ететін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бұл – әрбір азаматтың ел алдындағы парызы. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш кірген азаматтар ант беріп, жүктелген міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаруға дайын екендігін растайды.

Ант бергендер қатарында – СҚО әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекші маманы Алмас Сәбитов және СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы Нұрсат Ғалымжан болды. Салтанатты рәсім мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігін, сондай-ақ олардың өз миссиясын адал және кәсіби орындауға әзірлігін айқындады.

Shares