Петропавлда өрт кезінде 42 адам эвакуацияланды
September 17, 2025 10:35

Петропавл қаласында, Н. Назарбаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Тілсіз жау үшінші қабаттағы пәтерден басталған, деп хабарлайды QZ NEWS.
ТЖД өрт сөндірушілері баспалдақ арқылы 42 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Сонымен қатар өртеніп жатқан пәтерден 1961 жылы туған ер адам құтқарылды. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылып, ауруханаға жеткізілді.
Белгілі болғандай, өрттің шығу себебі — зарядтау құрылғысының қысқа тұйықталуы. Бұл оқиға қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және электр құрылғыларын қолданудағы сақтықтың маңызын тағы да еске салады.
