Петропавлда өрт кезінде құтқарушылар 8 адамды эвакуациялады
August 6, 2025 09:00

Петропавл қаласындағы Жастар көшесінде екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. От бірінші қабаттағы пәтерден тұтанған, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар сегіз адамды, оның ішінде бір баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Барлығы ғимараттан баспалдақ арқылы шығарылды. Өрт сөндірілді. Қайғылы жағдай тіркелген жоқ, ешкім зардап шеккен жоқ.
