Петропавлда өрт сөндірушілер үйді оттан аман сақтап қалды
September 6, 2025 09:30

Петропавлдағы Челюскин көшесінде жеке үй аумағында тағы шаруашылық құрылыстан өрт шықты. Жалын тұрғын үйдің шатырын шарпи бастаған, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дереу іске кірісті. Өрт 27 шаршы метр аумақта дер кезінде оқшауланып, әрі қарай таралуына жол берілмеді. Соның арқасында үй аман қалды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.
