Петропавлда өрт сөндірушілер жанып жатқан екі пәтерлі үйден газ баллонды алып шықты
October 6, 2025 09:28

Смирнов көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үйде ірі өрт болды. СҚО ТЖД қызметкерлері отты тез арада сөндіріп қана қоймай, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің ішінде газ баллоны барын анықтаған. ТЖД мамандары жедел әрекет етіп, баллонды ғимараттан шығарып үлгерген. Бұл үлкен төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. ТЖД мәліметінше, өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Тілсіз жау тез арада ауыздықталып, толық сөндірілді.
