Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Қала күніне орай «Ең үздік аула» байқауы басталды

Петропавлда Қала күніне орай «Ең үздік аула» байқауы басталды

July 2, 2025 20:01

Петропавл қаласының Қала күні мерекесіне орай «Ең үздік аула» қалалық байқауы бастау алды. Байқауға көпқабатты үй тұрғындары, ПИК, МИБ, ПТ және басқа да тұрғын үйді басқару нысандарының төрағалары мен белсенді қала тұрғындары қатыса алады, деп хабарлайды QZ News қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтініштерді қабылдау мерзімі – биылғы 4 шілдеге дейін. Өтініштер электрондық пошта арқылы қабылданады: homeinspection15@gmail.com.

Қатысу үшін келесі материалдарды ұсыну қажет:

  1. Аула абаттандырылғанға дейінгі және кейінгі фотосуреттер (кемінде 5 дана);
  2. Бейнематериал (қалауыңызша);
  3. Атқарылған жұмыстар мен пайдаланылған ресурстар жөнінде қысқаша сипаттама;
  4. Шығындар сметасы (бар болса).

Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Shares