Петропавлда қарт әйел мен тағы алты адам жедел сатыда қалып қойды
August 21, 2025 10:03
![]()
Түнде «112» кезекші қызметіне Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесіндегі көпқабатты үйдің жедел сатысында жеті адамның қалып қойғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқиға орнына келген құтқарушылардың анықтауынша, лифт ішінде қалғандардың арасында оттегінің жетіспеуінен жағдайы нашарлаған қарт әйел болған. Осыған байланысты жедел сатыгы тез арада ашу туралы шешім қабылданды.
Гидравликалық құралдардың көмегімен құтқарушылар есікті ашып, адамдарды сыртқа шығарды. Олардың жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендердің ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ.
