2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда құқық қорғау органдарының мобильді топтары азаматтарды қабылдайды

Петропавлда құқық қорғау органдарының мобильді топтары азаматтарды қабылдайды

June 24, 2025 11:00

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында петропавлдықтар құқық қорғау органдарының мобильді топтарына жүгініп, көмек пен кеңес ала алады. Азаматтарды қабылдауды прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен полиция қызметкерлері жүргізеді, деп хабарлайды QZ News.

Мобильді қабылдау пункттері қаланың халық көп шоғырланатын орындарында орналастырылады: «Аврора» және «Сити молл» сауда-ойын-сауық орталықтарында, Береке ықшамауданындағы «Северный» дүкенінде, Оқушылар сарайында және Теміржол вокзалы алаңында.

Қабылдау барысында азаматтар өтініштерін қалдырып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес алып, құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы түсініктеме ала алады. Мұндай шаралардың басты мақсаты – қоғамда құқықтық тәртіп идеяларын насихаттау, құқық қорғау органдарының беделін арттыру, білікті заң көмегін көрсету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру

Shares