Петропавлда құтқарушылар бір жасар баланың ойыншыққа қысылып қалған аяғын арнайы құралдардың көмегімен алып шықты
August 13, 2025 10:20

Петропавлда құтқару қызметінің мамандары отбасыға көмек көрсетті. Бір жасар бала қиын жағдайға тап болды – аяғы пластик ойыншыққа қысылып қалып, ата-анасы оны өз бетінше шығара алмады, деп хабарлайды QZ NEWS.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар жедел түрде Бостандық көшесіне барып, арнайы құралдардың көмегімен баланың аяғын ойыншықтан еш жарақатсыз алып шықты. СҚО ТЖД төтенше жағдай орын алған кезде 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салады.
