Петропавлда құтқарушылар суда екі тәулік қамалып қалған жылқыны алып шықты
September 5, 2026 08:30

Петропавл қаласындағы «Путеец» саяжай қоғамы маңында ерекше құтқару операциясы жүргізілді. Жергілікті құтқару қызметіне жылқының суға түсіп кетіп, өздігінен жағаға шыға алмай қалғаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы QZ NEWS тілшісі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, жануар суда шамамен екі тәулік бойы қамалып, қатты әлсіреген.
Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағдайды бағалап, жылқыны қауіпсіз жерге шығару жоспарын әзірледі. Құтқарушылар жануардың аяқтарын арнайы арқандармен абайлап бекітіп, әлсіреген жылқыны жағаның қауіпсіз бөлігіне шығарды.
Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін жануар иесіне тапсырылды.
