Петропавлда сотталғандар үшін жұмыс орындарын ашу мәселесі талқыланды
August 5, 2025 13:08

Петропавлда түзеу мекемелерінде тұрақты жұмыс орындарын ашуға арналған дөңгелек үстел өтті. Бас тақырып – жеке кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа тарту болды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әсем Рахметова және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірісті дамыту, бизнеспен өзара іс-қимыл тетіктері және ынтымақтастыққа дайын кәсіпкерлерді қолдау шаралары жөнінде өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сенатының қарауына жолданатын ұсыныстар пысықталды.
