Петропавлда СҚО ТЖД еріген суды сору жұмыстарын жүргізуде
March 19, 2025 14:02

Күннің күрт жылынуына байланысты қардың қарқынды еруі басталды. Өткен тәулікте СҚО ТЖД-ға еріген суды сору мәселесі бойынша тұрғындардан 29 өтініш түсті, деп хабарлайды QZ News.
«Қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, жағдайға мониторинг жүргізіліп, қажетті шаралар қабылдануда. Аулалар мен тұрғын үйлерді су баспау үшін еріген суды алдын ала бұрып жіберу шараларын қабылдау ұсынылады», – деп мәлімдеді СҚО ТЖД.
