Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда су басуды жою үшін 15 мың текше метрден астам су сорылды

Петропавлда су басуды жою үшін 15 мың текше метрден астам су сорылды

August 18, 2025 12:08

Облыс орталығында жолдардағы, сондай-ақ тұрғын үйлердің аулалары мен жертөлелеріндегі су басуларды жою жұмыстары жалғасуда. Нөсер салдарын жоюға қалалық апаттық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды QZ NEWS Петропавл қаласының ТҮКШ бөліміне сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, 17 тамыз жексенбі күні «Қызылжар су» ЖШС мен қалалық кәріздік тазарту нысандары 20-дан астам сорғы және кәріз жуу техникасын, экскаваторларды, сондай-ақ 30-дан астам мотопомпаны іске қосты. Жұмысқа 80-нен астам адам жұмылдырылды.

«Сағат 06:00-ден түнгі 00:00-ге дейін тұрғындар мен ұйымдардан 100-ден астам өтініш түсті. Барлық шағымдар бойынша апаттық бригадалар жіберілді. Таңғы жағдай бойынша 15 мың текше метрден астам су сорылды», – делінген хабарламада.

Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, суды сорғызып шығару жұмыстары жалғасуда, ал барлық өтініштер кезек тәртібімен шұғыл қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, қаладағы нөсерлік кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы 235 шақырымды құрайды. Оның 116 шақырымы – ашық, 119 шақырымы – жабық түрі. Соңғы бірнеше жылда 40 шақырымнан астам жаңа желілер салынды.

Shares