Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы ХҚКО-да ұзын-сонар кезек орын алды

Петропавлдағы ХҚКО-да ұзын-сонар кезек орын алды

September 11, 2025 09:00

Соңғы күндері Петропавлдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек байқалып, қала тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды. Негізгі себеп – жеке куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты азаматтардың жаппай жүгінуі. Ұзын кезектер жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарап, дау туғызды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Жағдайды түсіндіру мақсатында «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында кездесу өтті. Оған «Азаматтарға арналған үкімет» өкілдері, депутаттар және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты. Корпорацияның СҚО филиалы директорының орынбасары Серік Бейсенов орын алып жатқан жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Сондай-ақ ол адамдардың сағаттап көшеде кезек күтетіні туралы қауесетті жоққа шығарды. Бейсеновтің айтуынша, жағдай бақылауда, әрбір келушіні ыңғайлы түрде қабылдау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Shares