Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қаладағы №3 аурухана қызметкерлері партия мүшелеріне өздерінің өзекті мәселелерін жеткізді

Қаладағы №3 аурухана қызметкерлері партия мүшелеріне өздерінің өзекті мәселелерін жеткізді

Облыс орталығында «AMANAT» партиясының СҚОФ мобильді қоғамдық қабылдауы «Денсаулық» бастауыш партия ұйымына барып, №3 қалалық аурухана ұжымының өтініштерін қарастырды, деп хабарлайды QZ News партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық қызметкерлерді №14-тің қоғамдық көліктің жүру бағытының өзгеруі, аялдамаларды жөндеу, ірі көлемдегі қоқысты шығару мәселесі, «Жұмысшы кентіне» қосымша қоқыс контейнерлерін орнату, сондай-ақ қаладағы қаңғыбас иттердің көбейіп кетуі алаңдатты.

«Медициналық мекеме ұжымы алғашқы жедел медициналық көмек көрсететін көпсалалы қалалық аурухананың бірінші корпусының 60 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастыруда көмек сұрады. Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында екі мәселе шешілді, қалғандары партия фракциясының депутаттары тарапынан шешімін табу үшін жұмысқа алынған», – деп хабарлады «AMANAT» партиясының өңірлік филиалының өкілдері.

Shares