Қарттар күніне орай облыс әкімі ардагерлермен кездесті

Қарттар күніне арналған іс-шаралар аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің құрметті ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Облыс әкімі атап өткендей, олардың көбі әр жылдары Отан игілігі үшін жан аямай еңбек етіп, бүгін біз мақтан тұтатын жетістіктердің негізін қалады.

«Бүгінде зейнеткерлік демалыста болса да, олар белсенді қоғамдық өмірін жалғастырып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтап келеді және жастарға шынайы үлгі болып отыр», – деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кездесу барысында қатысушылар Мағжан атындағы орталыққа барды. Бұл – түркі дүниесінің ортақ құндылықтары мен бай мәдени мұрасын айшықтайтын рухани орталық. Облыс әкімі ардагерлерге өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, негізгі жобалар мен алдағы жоспарлар туралы әңгімелеп берді.

