Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиев қалалық кәріз құбырының қайта қалпына келтірілгені жайында айтып берді

Серік Мұхамедиев қалалық кәріз құбырының қайта қалпына келтірілгені жайында айтып берді

Тоқсан би және Абай көшелеріндегі кәріз коллекторының істен шығу себептері туралыбрифинг барысында Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев айтты, деп хабарлайдыQZ News тілшісі.

«2024 жылдың 25 наурызында қалада қар ери бастады, соның салдарынан еріген су көлемінің көп болуынан кәріз және нөсер желілеріне жүктеме артты. Гидравликалыққысымның жоғарылауының салдары көшедегі кәріз коллекторының істен шығуына себеп болды. Қаланың орталық бөлігіндегі тұрғын үйлердің жертөлелерін су басты. ТЖ режимі жарияланды»,- деді Серік Мұхамедиев 

Әкім коллектордың зақымдану ауқымы Абай көшесінен басталғанын түсіндірді. Абай – Бостандық, Абай – Назарбаев, Абай – Тоқсан би,4 қиылыстары маңында болған.

«Осыған байланысты жоғарыда аталған үйлердің тіршілігі бұзылды. Төтенше жағдайды жою үшін қала әкімінің шешімімен 2024 жылдың 4 сәуірінен бастап жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жарияланды, оның аясында көшедегі кәріз коллекторына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай к. Пушкин көшесінің қиылысынан Гоголь көшесінің қиылысына дейін  жалпы ұзындығы 2075 шаршы метр жөнделді. Бүгінде «Қызылжар су» ЖШС бақылауды қамтамасыз етіп, қалалық коллектордың үздіксіз жұмысын ұйымдастырды», – деп түсіндірді қала басшысы. 

Shares