СКО әкімі спортшы Наталья Богдановаға автокөліктің кілтін табыс етті

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов спортшы Наталья Богданова және оның бапкері Дастан Қабденовпен, сондай-ақ өңірдің спорт саласы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Ғауез Нұрмұхамбетов Наталья Богданованы орасан зор жетістігімен құттықтап, оның бапкері Дастан Қабденовке жоғары кәсібилігі мен қажырлы еңбегі үшін ерекше алғыс айтты.

«Натальяның таланты, табандылығы мен жанқиярлығының, сондай-ақ бапкері Дастан Қабденовтің кәсібилігі мен ісіне адалдығының арқасында біздің туымыз әлемдік аренада тағы да көтерілді. Бұл жетістік жас спортшыларға үлгі болып, өңір спортын дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдімін», — деді облыс әкімі.
Әкім спортшының отбасына да сенімі мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, «бұл үлкен жолдың басы ғана» екенін атап өтті. Алда Наталья мен Дастанды жаңа асулар күтіп тұрғанына және оған бүкіл өңір сенетініне тоқталды.

Кездесу барысында Наталья Богдановаға салтанатты түрде автокөліктің кілті, ал оның бапкеріне 3 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

