Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СКО-да құтқарушылар өртенген үйден газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды

СКО-да құтқарушылар өртенген үйден газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды

August 18, 2025 09:00

Солтүстік Қазақстан облысының Булаев қаласында, Мичурин көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жаудың тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды QZ NEWS.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД қызметкерлері жетті. Өртті сөндіру барысында олар газ баллоны бар екенін анықтады. Құтқарушылар баллонды үйден дер кезінде шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.Жалпы өрт аумағы 54 шаршы метрді құрады. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Shares