СКО-да сотталғандар сұранысқа ие мамандықтарға оқытылады

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті меморандумға қол қойды. Келісімнің мақсаты – сотталғандардың сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасап, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты бейімделуіне көмектесу, деп хабарлайды QZ NEWS.
Мерзімсіз күшіне енетін бұл ынтымақтастық аясында №48 және №50 мекемелерінде жазасын өтеп жатқан шамамен 200 адам қысқамерзімді курстар мен шеберлік сабақтарынан өтеді. Алғашқы бағыт ретінде кәсіпкерліктің негіздері мен қаржылық сауаттылық таңдалған. Оқу аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификат табысталады.

СКО кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин бұл келісімді әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешудегі маңызды қадам екенін атап өтті. Ол оқыту сотталғандарға өмірге қажетті білім мен дағдыларды алуға көмектесетініне сенім білдірді.
«Мұндай әріптестік сотталғандарға жаңа дағдыларды меңгеруге ғана емес, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді. Алынған мамандықтар олардың жұмыспен қамтылу мүмкіндігін арттырып, қайта қылмысқа барудың алдын алады. Бұл – қылмыс деңгейін төмендетуге және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам», – деді СҚО ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Есенов.
ҚАЖД өкілі Татьяна Төлегенова да 2024–2025 оқу жылында 244 сотталғанның 11 мамандық бойынша кәсіби білім алып шыққанын, ал биыл тағы 250 адамның қабылданғанын айтты. Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне сай мамандықтар тізімін жаңартуға әрі кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Оқыту процесін ұйымдастыруға кәсіпкерлер палатасы жауапты болса, ҚАЖД оған қажетті оқу орындарын ұсынатын болады.
