Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сөндірілмеген күлді төгу салдарынан Петропавлда өрт шықты

Сөндірілмеген күлді төгу салдарынан Петропавлда өрт шықты

Петропавл қаласының Чайковский көшесінде жеке үй ауласындағы шаруашылық ғимаратында өрт шықты. Өрт 3 шаршы метр аумаққа таралған, деп хабарлайды QZ News.

Өрт тез арада ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

«Өрттің шығу себебі – сөндірілмеген күлді арнайы орынға төкпеу. Есіңізде болсын: күл тек арнайы белгіленген жерлерге, жанғыш заттардан алыс орындарға тасталуы керек», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Shares