Солтүстік Қазақстанда көлікті мас күйінде басқарғаны үшін медицина қызметкері 20 тәулікке қамауға алынды
Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. », – деп хабарлайды QZ News тілшісі.
2025 жылғы 18 қаңтарда түнде Булаево қаласының тұрғыны медициналық қызметкер көлікті мас күйінде басқарған. Оның көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ яғни жүргізуші куәлігі болмай шықты.
«Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, кафеде болған кезде алкогольдік ішімдік ішкенін, содан кейін достарымен үйіне кеткенін, оны жолда полиция қызметкерлері тоқтатқанын түсіндірді. Мен бұған дейін жүргізуші куәлігін алған емеспін. Сот қаулысымен әйел 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», – делінген М.Жұмабаев аудандық сотының хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.