Солтүстікқазақстандықтарға МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесінен айырылу қаупі туралы ескертілуде

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандыру мәртебесінен айырылу қаупі жөнінде 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарламалар келіп жатыр, деп хабарлайды QZ NEWS.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалының мәліметінше, бұл хабарламалардың мақсаты – азаматтарды алдын ала хабардар етіп, олардың медициналық көмек алу құқығын қорғау және дер кезінде қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік беру.
Алғашқы хабарламалар 2025 жылдың қазан айында сақтандырылған мәртебесінен айырылу қаупі бар азаматтарға қыркүйек айында жіберіле бастады. Бұл тізімге МӘМС үшін соңғы төлемі маусым айында жасалған адамдар енген. Шілде, тамыз және қыркүйек айларында жарна түспегендіктен, олар қазан айында мәртебесінен айырылу қаупінде тұр.
«МӘМС туралы» заңға сәйкес, жарна төлеуді тоқтатқан азаматтар үш ай бойы жүйеде шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Осы кезеңде олар медициналық көмек ала алады, бірақ өткізіп алған айлар үшін жарналарды төлеу міндеті сақталады», – делінген хабарламада.
Қор азаматтарға: «Мәртебеңіз «сақтандырылған» күйінде қалуы үшін жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуді қадағалаңыз. Әйтпесе, медициналық көмек алу кезінде шектеулерге тап болуыңыз мүмкін», – деп кеңес береді.
