2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі ауруханада соғыс ардагері Василий Макиенконың халын білді

СҚО әкімі ауруханада соғыс ардагері Василий Макиенконың халын білді

April 21, 2025 13:14

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауруханаға барып, соғыс ардагері Василий Макиенконың хал-жағдайын сұрап білді. Қазір ардагерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды QZ News.

Василий Макиенко, жасының егде тартқанына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанып келді. Былтыр өңір басшысымен бірге Жеңіс күнінде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне де қатысқан ардагер келесі жылы өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтпек.

“Василий Васильевичке тезірек сауығып кетуін тілеп, Жеңістің 80 жылдығын отбасымен, жақындарының ортасында қарсы алатынына сенім білдірдім. Ардагерлер — біздің мақтанышымыз, тарихтың куәсі. Оларға қамқорлық жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету — баршамыздың міндетіміз. Жастардың үлкен буынға құрметпен қарауын және оларға қиын сәтте көмек көрсетуге ұмтылысын қалыптастыру маңызды”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Shares