СҚО әкімі азаматтарды қабылдады
September 19, 2025 16:42

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Amanat» партиясының СҚОФ ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Кездесу барысында облыс тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді: Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімдерін бірыңғай мемориалдық кешенге көшіру, автожолдарды қалпына келтіру, тұрғын үйлерді сүру, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен үйлерді жөндеу.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы мемлекеттік органдарға аталған әр мәселені шешу жөнінде нақты ұсыныстар енгізіп, олардың жедел орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

