Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдады

СҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдады

August 25, 2025 17:29

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Облыс орталығының тұрғындары өзекті мәселелерін тікелей жеткізді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Кездесуде тұрғын үй кезегіне тұру, жаңа құрылыстардағы құрылыс нормаларының сақталуы және су тасқынының алдын алу мен болжауға қатысты ұсыныстар талқыланды.

Әрбір өтініш бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді міндеттеді.

Shares