СҚО әкімі ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен кездесу өткізді. Делегация құрамында ҚР Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, сенатор Әсем Рахметова, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода болды, деп хабарлайды QZ News.
Сапар аясында парламент мүшелері облыс аудандарын аралап, тұрғындармен кездесулер өткізіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылауда.
СҚО әкімімен өткен кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары қаралды. Қатысушылар негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын, халықты әлеуметтік қолдауды жақсарту шараларын және Солтүстік Қазақстан облысы үшін аса маңызды мәселелерді талқылады.

Депутаттар өңірде болып жатқан оң өзгерістерді жоғары бағалап, заңнама деңгейінде қажетті қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Айтылғандай, өзара ынтымақтастық – өңірдің тұрақты дамуының кепілі.
