СҚО-да бес мемлекеттік қызметші құмар ойындарға қатысқаны үшін жауапқа тартылды: үшеуі жұмыстан босатылды
July 25, 2025 18:02

Солтүстік Қазақстан облысында бес мемлекеттік қызметкердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысқаны анықталды. Бұл – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын тікелей бұзу болып табылады. Мұндай шектеулерді елемеу лауазымынан босатуға негіз болады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Қазіргі таңда аудандық деңгейдегі үш мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті екі ауылдық округ әкіміне қатысты да тәртіптік шаралар қабылдау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізді.
