Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуынан үйді аман сақтап қалды

СҚО-да өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуынан үйді аман сақтап қалды

September 24, 2025 11:05

Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді. Жедел әрекеттің арқасында СҚО ТЖД қызметкерлері өртті дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

От жеке үйдің шатырынан қора-жайдың төбесіне тез тараған. Үй ішінде тұрған газ баллоны да үлкен қауіп төндірді. Өрт сөндірушілер оны дер кезінде сыртқа шығарып, жарылыстың алдын алды.

«Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт ауыздықталды. Үйді аман алып қалдық. Зардап шеккендер жоқ, себеп – электр сымдарының қысқа тұйықталу», – деп мәлімдеді СҚО ТЖД.

Shares