СҚО-да партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердің жөндеу жұмыстарын тексерді

Солтүстік Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының бақылау комиссиясы білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын қадағалауда. Олар жөндеу жұмыстарының барысын бағалау үшін бірнеше мектепке барды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Комиссия мүшелері алдымен №17 орта мектепке барып, мұнда қазір шатыр ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрді. Мердігерлердің айтуынша, жұмыс кестеге сай жүріп жатыр және тамыз айының соңына дейін толық аяқталады. Комиссия өкілдері мердігер ұйымға барлық жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтап, мектепті оқушыларды қабылдауға толық дайындау қажеттігін қатаң ескертті.
Сондай-ақ комиссия «Дарын» мектеп-лицейінде болды. Мұнда эвакуациялық шығу жолдарына күрделі жөндеу жасалуда. Жұмыстың 90%-ы аяқталған, ал мердігерлер мен ұжымның айтуынша, жөндеу жаңа оқу жылы басталғанға дейін толығымен бітіреді.
«AMANAT» партиясының бақылау комиссиясы 1 қыркүйекке дейін мектептердің сапалы және дер кезінде дайын болуын қамтамасыз ету үшін мониторингті жалғастыратынын атап өтті.
