Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да құтқарушылар адасып кеткен ер адамды тапты

СҚО-да құтқарушылар адасып кеткен ер адамды тапты

July 3, 2025 09:13

Қызыл Октябрь ауылы маңында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізіп жүрген ер адам далада адасып кеткен. Ол 112 нөміріне хабарласып, құтқарушыларға шамамен өзінің қай жерде екенін жеткізе алған, деп хабарлайды QZ News.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, ер адамды орман алқабынан тауып алды. Абырой болғанда, оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ескертеді: бейтаныс немесе алыс жерлерге барғанда, өз жоспарыңызды жақындарыңызға міндетті түрде хабарлап отырыңыз және табиғатта қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.

Shares