2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да құтқарушылар газ баллонының жарылуын алдын алды

СҚО-да құтқарушылар газ баллонының жарылуын алдын алды

April 22, 2025 11:00

СҚО, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында Пионерская көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде 15 ш.м аумақта өрт шықты, деп хабарлайды QZ News.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт салдарынан күйік шалған үй иесін құтқарып қалды. Сонымен қатар, құтқарушылар дер кезінде газ баллонын сыртқа шығарып үлгеріп, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.

Shares