СҚО-да жыл басынан бері діни заңнаманы бұзудың 13 фактісі анықталды

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни заңнаманы бұзудың 13 дерегін анықтады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Жауапкершілікке тартылғандардың қатарында әлеуметтік желіде уағыз жүргізген Петропавл тұрғыны бар. Тағы бір қала тұрғыны интернет арқылы діни мазмұндағы фото және бейнематериалдарды таратқаны үшін айыппұл төлеген. Айта кетейік, ол бұған дейін де дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Құқық қорғау органдары азаматтарға рухани байланыс пен діни білімді тек ресми тіркелген діни бірлестіктерден іздеу қажеттігін ескертеді.
Заңнамаға сәйкес, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттарды тарату тек арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етіледі:
- ғибадат үйлерінде;
- діни оқу орындарында;
- арнайы бекітілген стационарлық үй-жайларда.
