Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-дан Өзбековтар отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанды

СҚО-дан Өзбековтар отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанды

August 21, 2025 19:31

Петропавлдағы Креативтік орталықта «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары мен номинанттарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға Солтүстік Қазақстан облысынан 28 отбасы қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – өз үлгісімен отбасылық құндылықтарды сақтауға өзгелерді ынталандыратын отбасыларды анықтап, қолдау.

Шараға қатысушыларды СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин құттықтады.

«Біздің қоғамда отбасы әрқашан ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын болып қала береді. Отбасы институты еңбексүйгіштік, білімге ұмтылу және бірлік сияқты «Адал азаматқа» тән қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді. Бала ең алғаш моральдық нормаларды отбасынан үйренеді. Отбасы – қоғамымыздың тірегі», – деді Асқар Хабибулин.

«Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы болып Шал ақын ауданынан келген Өзбековтар отбасы атанды. Енді олар СҚО намысын республикалық деңгейде қорғайды.

«Екінші орынды Мамлют ауданынан Кустовтар отбасы иеленсе, үшінші орынға Петропавл қаласынан Ахметжановтар отбасы ие болды. Барлық жеңімпаз отбасыларға алғыс хаттар мен 1, 2, 3 орындарға дипломдар, сонымен қатар сыйлықтар мен сертификаттар табысталды», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Shares