Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО делегациясы Қазанда Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

СҚО делегациясы Қазанда Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

October 31, 2025 22:21

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің жетекшілігімен өңір делегациясы Татарстан Республикасының астанасы – Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты – іскерлік кездесулер өткізу және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылау, деп хабарлайды QZ NEWS.

Бүгін СҚО делегациясы Қазандағы ұлы қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Сапар қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы мәдени және іскерлік ынтымақтастық бағытында жаңа келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде.

Shares