Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО «Грация» командасы «Victory Cup 2025» турнирінде алтын медаль жеңіп алды

СҚО «Грация» командасы «Victory Cup 2025» турнирінде алтын медаль жеңіп алды

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты мен СҚО әкімі жанындағы отбасы-демографиялық саясат және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері «Victory Cup 2025» ашық қайырымдылық турнирінде жеңіске жеткен «Грация» көркем гимнастика командасын құттықтады. Сайыс өткен аптада Астанада өтіп, солтүстікқазақстандық гимнастшылар бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылы Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша «Грация» командасы көркем гимнастикадан Ұлттық құраманың резервіне қабылданған болатын.

2025 жылы Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) жаңа ережелерінің күшіне енуіне байланысты, жасөспірімдер екі жаттығу түрінде топтық көрсетілімдер жасайтын болады. Осыған орай, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты спортшыларға лентамен жаттығу үшін арнайы таяқшаларды сыйға тартты, оларға одан әрі жетістіктер мен жеңістер тіледі.

«Біз өз гимнастшыларымызбен, олардың еңбекқорлығы мен жеңіске деген ұмтылыстарымен мақтанамыз. Олар біздің аймақты ең жоғары деңгейде танытуға лайық екендіктерін дәлелдеді. Алда олардың көптеген жетістіктері болатынына сенімдіміз!» – деді «AMANAT» партиясының СҚОФ Әйелдердің құқықтарын кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесші Асель Есжанова.

Акцияға «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының белсенділері Асель Есжанова, Разия Ыдырысбаева, Галина Семенова, Нелли Штайнбренер, Маржан Тажимуратова, Айзада Рахметова, Айгуль Нурпеисова, Сауле Сураганова, сондай-ақ СҚО әкімі жанындағы отбасы-демографиялық саясат және әйелдер істері жөніндегі комиссия өкілдері қатысты. Жабдықтарды сатып алуға арналған жалпы сома 169 860 теңгені құрады.

Ата-аналар мен жас спортшылар көркем гимнастиканы дамытуға көрсетілген қолдау үшін шынайы алғыстарын білдірді.

 

Shares