СҚО түзеу мекемесінде жыл басынан бері 35-ші неке қиылды

Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №51 мекемесінде сотталған азамат пен оның сүйіктісі ресми түрде некелерін қиды. Неке қию рәсімі АХАТ өкілінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Ведомство өкілдері отбасы құру – сотталғандар үшін маңызды қадам екенін атап өтуде. Бұл олардың түзелуіне және қайта әлеуметтенуіне ықпал етеді. Отбасы жауапкершілік сезімін қалыптастырып, қолдау көрсетіп, оң өзгерістерге ұмтылуға көмектеседі.
Жыл басынан бері СҚО ҚАЖ мекемелерінде бұл – ресми тіркелген 35-ші жұп. Әкімшілік өкілдері мұндай бастамаларды толық қолдайтындарын айтып, оларды сотталған азаматтарды бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге бейімдеуге бағытталған әлеуметтік және тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі деп санайды.
