Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО World Clean up Day акциясына қосылды

СҚО World Clean up Day акциясына қосылды

September 20, 2025 15:28

Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шара Дүниежүзілік тазалық күні – World Clean up Day-ге орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Акцияға депутаттар, қоғам қайраткерлері, белсенділер, жастар, ардагерлер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кенесов те ағаш отырғызу шарасына атсалысты.

Сенбілік аясында өңір бойынша шамамен 2500 көшет отырғызылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірлескен еңбек қоғамдық орындарды тазартуға ғана емес, бірлік пен өзара қолдау рухын нығайтуға да ықпал етті.

Shares