Тайыншада ТЖД қызметкерлері егде жастағы әйелді құтқарды
June 29, 2025 22:00

Тайынша ауданының Тайынша қаласында ТЖД қызметкерлері бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған егде жастағы әйелге көмекке келді, деп хабарлайды QZ News.
66 жастағы әйелдің хабар-ошарсыз кеткені туралы хабар жедел қызметке түсті. Туыстары оның телефон қоңырауына ұзақ уақыт бойы жауап бермеген соң, алаңдаушылық танытқан. Өрт сөндіру сатысын пайдалана отырып, құтқарушылар балкондағы терезеден кіріп, пәтер ішіне өтті. Онда әлсіреген күйдегі әйел табылды.
Оқиға орнына шұғыл медициналық жедел жәрдем шақырылып, алғашқы көмек көрсетілген соң, әйел ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы нақтылануда.
