Тамыз айында Петропавлда бір аптаға ыстық су өшіріледі

Петропавл тұрғындарын ыстық судың уақытша өшірілуі күтіп тұр. «Петропавл жылу желілері» ЖШС 11–17 тамыз аралығында жылу жүйелерінің беріктігі мен тығыздығына арналған екінші кезеңдегі гидравликалық сынақтардың басталатынын хабарлады, деп жазады QZ NEWS.
Бұл жұмыстар – биыл мамыр айында өткен сынақтардың жалғасы. Жұмыстың мақсаты – қаланың жылу инфрақұрылымын алдағы жылыту маусымына дайындау. Сынақ жүргізу кезеңінде келесі жұмыстар атқарылады:
- Жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығын тексеру;
- Жабу және реттеу арматураларын орнату;
- Ақаулы учаскелерді анықтап, жөндеуге жіберу.
– Сынақтар кезінде магистралдық желілердегі қысым жұмыс деңгейімен салыстырғанда 25%-ға артады, ал жылу тасымалдаушының температурасы +40°C-тан аспайды. Осы кезеңде қала бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады, – делінген хабарламада.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС өкілдері қажетті көлемде құбыр өнімі бар екенін және жұмысқа жұмылдырылған мамандардың дайын екенін жеткізді. Сынақтар аяқталған соң мамандар тұтынушыларды кезең-кезеңімен ыстық сумен қайта қосуға кіріседі. Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі және Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады, себебі бұл шаралар қыс мезгілінде Петропавл үйлеріне тұрақты әрі үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
