Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Threads-та дау тудырған іс: қарағандылық тұрғынның соты басталды

Threads-та дау тудырған іс: қарағандылық тұрғынның соты басталды

October 14, 2025 13:17

22 жастағы Алика Мұхамадиеваға әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айып тағылуда, деп хабарлайды QZ NEWS Tengri Live басылымына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, айыпталушы – сәлемдеме жеткізу қызметі мен киім дүкенінің иесі. Биылғы жазда ол Threads әлеуметтік желісінде жарияланған даулы пікірлерінен кейін көпшіліктің назарына ілікті.

Сотта Алика Мұхамадиева өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Ол көзіне жас алып, бәрін түсінгенін қайталап отырды.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың жазында Алика Мұхамадиеваның Threads-тағы жазбалары қазақстандықтарды қорлайтын сөздерге қатысты пайдаланушылардың шағымдарынан кейін тергеу нысанына айналған еді. Шілде айында ол қамауға алынып, іс материалдары тергеу органдарына жіберілді.

Shares