Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тимирязев ауданы Дмитриевка ауылының тұрғындарының жайлы демалысына барлық жағдай жасалған

Тимирязев ауданы Дмитриевка ауылының тұрғындарының жайлы демалысына барлық жағдай жасалған

«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов Тимирязев ауданына барып, әлеуметтік және мәдени нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды QZ News.

Алдымен ол Дмитриевка ауылындағы мәдени-сауықтыру орнына барды. 2024 жылдың маусымында ашылған орталық ауыл тұрғындары үшін маңызды орынға айналды, спортпен айналысу және мәдени шаралар өткізу мүмкіндіктерін ұсынады. Заманауи жабдықтар мен түрлі секциялар ауыл тұрғындарына белсенді демалыс өткізуге және денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.

«Бұл орталық — жастар мен зейнеткерлерге арналған. Мұнда тек спортпен айналысып қана қоймай, мәдени бастамаларды да дамытуға болады. Мұндай нысандар мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарған жұмысымыздың нақты нәтижелерін көруге және азаматтардың өмірін жақсарту үшін қандай бағытта жұмыстар атқару керектігін түсінуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Жеңіс Асанов.

Содан кейін Жеңіс Асанов Тимирязев ауылындағы С. Мұқанов атындағы Тимирязев гимназиясына барды. Оқу орны жастарды тәрбиелеу мен білім беру саласында жоғары деңгейімен танымал. Мектеп өз түлектерімен мақтанады, олардың көпшілігі әртүрлі салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен.

Сондай-ақ аудан орталығында атқарушы хатшы музей-бөлмесінде болды. Музей экспозициясы ауыл тарихына және оның көрнекті тұрғындарына арналады. Мұнда архивтік құжаттар, тұрмысқа қажетті заттар, фотосуреттер және ауданның мәдени мұрасын көрсететін басқа да экспонаттар жинақталған. Мұндай бастамалар тарихи құндылықтарымызды сақтауға және жастардың өз тегіне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

Сапар соңында Тимирязев аудандық «AMANAT» партиясының филиалының кеңейтілген партия активінің отырысына қатысты. Кездесу барысында сайлауалды уәделердің орындалуы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланып, 2024 жылға арналған депутаттық фракцияның жұмысының нәтижелері қаралды.

Shares