Ұлттық домбыра күні: Петропавлда домбыра күніне орай күй кеші өтті
July 3, 2025 14:00

Ұлттық домбыра күніне орай «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Күй мен аңыз» тақырыбында күй кеші өтті, деп хабарлайды QZ News
Іс-шараға партия ардагерлері, аймақтық «MIRAS» кеңесінің мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. «Alash Music Studio» музыкалық студиясының оқытушылары Диас Серікбай, Мөлдір Тілейханқызы, Әлихан Қуандық және іс-шараға қатысушылар Жангелді Тәжин, Жомарт Омаров киелі аспаптың және күйлердің тарихынан сыр шертіп, түрлі аңыздар туралы әңгімеледі. Музыка мектебінің шәкірттері мен ұстаздары ән мен күйден шашу шашты.
Іс-шараға қатысқан жастар күйшілердің партия мүшелерімен кездесуінен ұмытылмас әсер алып қайтты.
