VIII Төтенше жағдайлар министрлігі Кубогы: Петропавлда құтқару сатысымен өрмелеуден жеңімпаздар анықталды

Петропавлда VIII Төтенше жағдайлар министрлігі Кубогының өрт-құтқару спортынан екінші кезеңі өтті. Ең әсерлі әрі техникалық жағынан күрделі түрлердің бірі – оқу мұнарасының терезесіне құтқару сатысымен өрмелеу, деп хабарлайды QZ NEWS.
Құтқару сатысымен өрмелеу жарысына мықты спортшылар жиналып, орасан күшін, жылдамдығын және үйлесімділігін көрсетті. Спортшының міндеті – арнайы сатының көмегімен оқу мұнарасының белгілі бір қабатына мүмкіндігінше жылдам көтерілу.

Бұл жаттығу өрт сөндірушінің нақты жұмысында қажет болатын әрекет жылдамдығы мен күшін, жабдықпен жұмыс істеу дағдысын шыңдауға, сондай-ақ командалық рух пен бәсекелестік мінезді тәрбиелеуге бағытталған.

Кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Әйелдер арасында:
1-орын – Дзолба Оксана (Алматы қ.)
2-орын – Аленина Регина (Алматы қ.)
3-орын – Подгородецкая Кристина (Астана қ.)
Ерлер арасында:
1-орын – Шарипханов Ержан (Абай обл.)
2-орын – Қайсарбеков Жасұлан (СҚО)
3-орын – Әбілбаев Дінмұхаммед (Алматы қ.)
Спортшылардың жетістігі – табанды жаттығулар мен көшбасшылыққа деген талпыныстың нәтижесі.

Естеріңізге сала кетейік, Петропавлда ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің VIII Кубогы басталған болатын. Жарысқа еліміздің 13 ерлер және 10 әйелдер құрамасынан құралған шамамен 300 мықты спортшы қатысуда. Бұл сайыстар кәсіби дайындықтың маңыздылығын айқындап, салауатты өмір салтын насихаттайды және құтқарушылардың жоғары шеберлігін көрсетеді.
