Канадада қардың көп түсуіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді
Канаданың Жаңа Шотландия атты атлантикалық провинциясының солтүстігінде қалың қардың салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды QZ media тілшісі Zakon.kz. ИБ сілтеме жасап.
Канаданың ұлттық метеобюросының мәліметі бойынша, провинцияның бұл бөлігінде 150 см-ге дейін қар түсуі мүмкін, бұл ақпан айына жоспарланған жауын-шашын мөлшерінен екі есе көп.
CBC телеарнасы нақтылағандай, 28 м/с дейін екпінді желмен бірге жауатын қардың себебі – Атлант мұхитындағы дауыл. Дегенмен, қазіргі уақытта Жаңа Шотландияның барлық аумағында төтенше жағдай режимін енгізу қарастырылмаған.
Қоса кетейік, дүйсенбі күні өңірдің осы бөлігіндегі барлық оқу орнында сабақтар тоқтатылғаны атап өтілді. Тұрғындардан көше қозғалысын мүмкіндігінше шектеу сұралады.