Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынуы мүмкін

Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынуы мүмкін

Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров әлеуметтік желілерде пайда болатын жарияланымдарға мониторинг жүргізуді тапсырды. Оны әсіресе ажырасқан әйелдердің мәлімдемелері “қызықтырады”, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Zakon.kz АА сілтеме жасап.

Оның айтуынша, азаматшалар күйеуі мен оның ата-анасы туралы жаман пікір білдірмеуі керек. Төраға дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға қайшы келетін ақпараттың таралуын шектеу керек деп шешті.

“Кейбір келіндер туған әкесін мақтайды, бірақ қайын атасын, қайын енесін қорлайды. Ал ажырасқан кезде олар өз пікірлерін әлеуметтік желілерде жариялайды. Бұл үлгі аларлық іс емес. Қайын ене қысқа киім кимеу керек, ал келін басынан орамалды тастамауы керек”, – деді Ақылбек Жапаров.

24.kg хабарлағандай, бұл Министрлер кабинетін басқаратын лауазымды тұлғаның әйелдерге және қыздарға қатысты айтқан алғашқы ойы емес. Ақылбек Жапаров 2022 жылдың қыркүйегінде де қыздардың рөлі туралы кемсітушілік пікір білдірген.

“Қыздар жағы үйде отырып, шаруамен айналысуды, ал ұлдар жағы ақша табуды, Отанды қорғауды үйренуі керек”, – деді ол.

 

 

Shares